Көкжиекке бір ымырт қонды келіп – Кеңшілік Мырзабеков

Бұл бетте «Көкжиекке бір ымырт қонды келіп» атты Кеңшілік Мырзабеков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 27.08.2020
  • 0
  • 0
  • 1275
Көкжиекке бір ымырт қонды келіп,
Жарық дүние тағы бір күнді ұрлатты.
Жалқын сәуле жарығы жонды бөліп,
Сәл қозғалған селеулер діріл қақты.
Бозторғайлар шырқаған талықсып үн,
Қоңыр қырлар қайтадан қалғыды енді.
Қайтсін дала, қарсы алды таныс түнін,
Тағы асыға күтеді таңғы желді.
Күннің нұрын іңір кеп жасқаса әрі,
Байтақ дала бей-жай-ау белі мүлдем.
...Ымырт пенен таң алды астасады
Жұлдыз туып жұлдыздар сөнуімен.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көкжиекке бір ымырт қонды келіп өлеңінің авторы кім?

Кеңшілік Мырзабеков — осы өлеңнің авторы.

Көкжиекке бір ымырт қонды келіп өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Көкжиекке бір ымырт қонды келіп өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Кеңшілік Мырзабеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Көкжиекке бір ымырт қонды келіп өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері