Бала бекетке – Ғафу Қайырбеков

Бұл бетте «Бала бекетке» атты Ғафу Қайырбеков жазған бала туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 21.05.2019
  • 0
  • 0
  • 1740
Сыбызғы кесіп қурайдан,
Сыйлауға саған ұйғардым,
Шеберлік тілеп құдайдан,
Жасауын білмей қиналдым.
Шаңыраққа байлап кептіріп,
Шаңқай түс кезіп кеп бақтым.
Бәкімді қайрап өткір ғып,
Жүзінде сәуле тоқтаттым.
Сақсынып ішін мол аршып,
Сығалап әккі мергендей,
Қол қайтты талай қобалжып,
Бүлдірер кезім келгендей.
Қарай да қарай сен жүрдің,
Сәби де көзің жаудырап.
Нұсқасын оймен келтірдім,
Кемістеу болды сәл бірақ.
− Ал, шырқат - дедім,
− Бай көңіл
Балалық шіркін шыдап па?
Өзің бе, ол ма – әйтеуір
Бір тәтті үн келді құлаққа.
Сен мәзсің - болды мен үшін, -
Есіме түсті күштілер –
Әр істе сондай кемісің
Кетерін қайран іш білер.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бала бекетке өлеңінің авторы кім?

Ғафу Қайырбеков — осы өлеңнің авторы.

Бала бекетке өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бала бекетке өлеңі не туралы?

Бұл шығарма бала туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Бала бекетке өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері