Бексұлтан Нұржеке баласына – Сәкен Иманасов

Бұл бетте «Бексұлтан Нұржеке баласына» атты Сәкен Иманасов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.06.2021
  • 0
  • 0
  • 604
Тоқтықта да сыналған, аштықта да,
достыққа да тұра алған, қастыққа да, –
Алпысың да жүр оған беттей алмай,
тал бойыңа жарасып жастық қана!
Азаматтың айналып үлгісіне,
пенделікті жуытпай күллі ісіне
алмағайып тірлікке жағынып та,
табынып та көрмеген бір кісіге!
Тойдырғандай тұлғасы жүз кісіңді –
дарын бар да, қарын жоқ – қыз мүсінді, –
Бел-бел естен келеді беспен өтіп,
құрдасына қалдырып күзгі сынды.
Кесіп беріл қоң етін ұнағанға,
қара тастай қатайып сынағанда,
Алшаң басты ол Алматы көшесінде,
есесін де жібермей бір адамға!
Бойындағы бұлағай күшке сене,
тіресе де біледі, тістесе де,
Кесірткелік әлі бар қашан болсын,
өзі білсін дұшпаны – үш кесе ме!
Айналасы думан да, алды ду ма, –
құқы болмай шаршауға, шалдығуға,
Барады өзін қамшылап,
алты алашы
айта жүрер асыл сөз қалдыруға!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бексұлтан Нұржеке баласына өлеңінің авторы кім?

Сәкен Иманасов — осы өлеңнің авторы.

Бексұлтан Нұржеке баласына өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бексұлтан Нұржеке баласына өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәкен Иманасов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бексұлтан Нұржеке баласына өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері