Бар тілегім бір сенде – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Бар тілегім бір сенде» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 28.07.2019
  • 0
  • 0
  • 2898
Әнін жазған Медеу Арынбаев

Жаным-ау, жайдарлым,
Жарқырап жанасың жұлдыздай,
Көзіңнен айналдым,
Тартасың өзіңе құндыздай.

Қайырмасы:
Мен қайда жүрсем де,
Ойнасам да, күлсем де,
Сағынған сәулем-ау,
Бар тілегім бір сенде.
Айым да өзіңсің,
Жұлдызым да өзіңсің.
Бақытқа бөлеген,
Мөлдіреген сезімсің.
Бұлақтай мөлдірсің.

Еркем-ау, сен десем,
Желпінер жібектей қанатым.
Күн сайын көрмесем,
Таусылар төзім мен тағатым.

Қайырмасы.

Аңсаумен келемін,
Қазірше қашықтау арамыз.
Бәрібір сенемін,
Қашанда біз бірге боламыз.

Қайырмасы

Ойымда шырақсың,
Бойымдағы қуатсың.
Көгімнен төгілген
Көктемгі шуақсың.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бар тілегім бір сенде өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Бар тілегім бір сенде өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бар тілегім бір сенде өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бар тілегім бір сенде өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері