Жаңбырсыз жаз – Қадыр Мырза Әли

Бұл бетте «Жаңбырсыз жаз» атты Қадыр Мырза Әли жазған табиғат туралы өлең берілген.

  • 27.04.2019
  • 0
  • 0
  • 6207
Бұрынғыдай Жайық емес Жайық та,
Жағалауда қаңсып жатыр қайықтар.
Көрмедім деп болмай-ақ қой күдікті,
Көңілі де орта түскен құдықтың.
Бір тамшы су бере алмайды ұрттарға
Шүберектей кеуіп кеткен бұлттар да.
Көк бет аспан безергеннен безеріп,
Шөлдеген жер жатыр ерні кезеріп...


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері