Бүгінгі имандылық географиясы – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Бүгінгі имандылық географиясы» атты Темірхан Медетбек жазған адамгершілік туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 24.06.2022
  • 0
  • 0
  • 504
Қатал заман келiп
Мейiрiм деген көлiм
Сарқылды.
Қайырым деген өзенiм
Тартылды.
Сол көл мен өзенiме
Арман мен үмiттерiм
Аққу мен қаздардай
Аңсап қонушы едi.
Сол көл мен өзенiмдi
Аққайыңдай аппақ тiлектерiм
Сұрқия көзден,
Зымиян сөзден
Қоршап, қорушы едi.
Қорқау қомағайлық
Көзiмдi без қылып жiбердi:
Аққу мен қаздардай
Арман мен үмiттерiмдi
Қара мылтықтарымен
Бездiрiп жiбердi.
Аққайың – ақ тiлектерiм
Қатiгездiктiң
Балтасымен
Оталып кеттi;
Қалғандарын
Түп-тамырымен
Қопарып кеттi.
Мейiрiм деген көлiм
Доңыз аунайтын
Балшыққа айналып
Сарқылып қалды;
Қайырым деген өзенiм
Көк есек кешiп өтетiн
Жылға боп
Тартылып қалды...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бүгінгі имандылық географиясы өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Бүгінгі имандылық географиясы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бүгінгі имандылық географиясы өлеңі не туралы?

Бұл шығарма адамгершілік туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Бүгінгі имандылық географиясы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері