Қысқы қала кеші

Бұл бетте «Қысқы қала кеші» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 736
Сағат алты,
кешкi сәт.
Симастан көше, алаңға
шұбырып кеттi көш құсап
жұмыстан қайтқан адамдар.
Қуады үнсiз шыңылдап
аялдап қалсаң кiшкене,
құлақтар менен мұрыннан
қыршаңқы аяз тiстелеп.
Ағаштар үнсiз қалғып бiр
киiп ап қардың қолғабын,
қозғауға сiлкiп қорқып тұр
ерсiлеу созған қолдарын.
Көрiнбей кетер бет деген
демiңнен ақ бу атқанда,—
үздiксiз
әрбiр өкпеде
жарылыс болып жатқандай.
Асығыс бәрi, асығыс
алардай бәйге —
қай озған.
Асығыс бәрi, асығыс
асықпай көршi аязда!
Асықпай жайлап жүрер де ем
ойламай тоңған құлақты,
тiстейдi бiрақ жүректен
уақыт аяз сияқты.
Жататын жар сап өлкемде
асығу керек көктемге.
Асығу керек Ертеңге.
Асығу керек Өткенге...
Сағат алты,
шағы бұл
мезгiлдiң зырлар арындап...
Мұнараның қарулы
алпамса ауыр қолында, —
шеңберiн шiреп тұр керiп,
қадалар қайда жерiм деп,
дiрiлдеп сағат тiлдерi
садақтың жебелерiндей.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қысқы қала кеші өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Қысқы қала кеші өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қысқы қала кеші өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қысқы қала кеші өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері