Мейірім

Бұл бетте «Мейірім» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 14.06.2022
  • 0
  • 0
  • 1064
Кенезесi кеуiп келгеннiң
Таңдайын жiбiтетiн
Бұлақсың.
Қара түнекте қалғанның –
Кеудесiнде –
Үмiт боп жанатын
Шырақсың.
Аспан астындағы,
Жер бетiндегi
Жұмақсың.
Панамызсың!
Анамызсың!
Жесiрдi есiркеп –
Бауырыңа бассаң –
Жанына
Тамшыдай мөп-мөлдiр
Сыр құйып жiбересiң.
Жетiмдi мүсiркеп –
Маңдайынан сүйсең –
Қанына
Нұр құйып жiбересiң.
Сенiң жарығың түскенде
Тондар жiбiп,
Мұз бiткен
Ерiп жатады.
Бұл дүние
Ананың бауырындағы
Баладай балбырап
Омырауыңды
Емiп жатады.
Сен
Тамырдың iшiндегi
Құнардай нәрлiсiң.
Мәңгiсiң!
Сен Алланың
Шапағатынан құйылған
Сәулесiң!
Сәуленi
Оқ атып
Құрта алмайсың!
Сәуле – тесiлмейдi.
Сәуленi
Қылыш сiлтеп
Қырқа алмайсың!
Сәуле – кесiлмейдi.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мейірім өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Мейірім өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мейірім өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мейірім өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері