Әйелдің ерін жоқтауы – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Әйелдің ерін жоқтауы» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 29.08.2019
  • 0
  • 0
  • 27484
Ал бастайын сөз басын,
Қайғылы жүрек қозғасын.
Жолдасымды ойласам,
Тоқтамайды көз жасым.
Орауышым оңбады,
Отызға жасың толмады.
Жеті жыл жолдас болғаның,
Жеті күндей болмады.
Орамал тіктім оң кесте,
Шымылдық тіктім шым кесте.
Артыңда қалған жалғызды,
Толтырмай кеттің он беске.
Басқанда жерде із қалды,
Артыңда бір қыз қалды.
Жастай сенен айрылып,
Жыламасқа нем қалды.
Жүкке жиған ішігің,
Домалап жерге түсуін.
Жасым келмей отызға,
Басыма қайғы түсуін.
Саз жағасы былқылдақ,
Шөбі шығар сылқылдап.
Арыздасып-қоштасып,
Жатпадың үйде ыңқылдап.
Жалғызың қайтып ер жетер,
Ержеткенше ес кетер.
Артыңда қалған бір сорлы,
Қайғымен жүріп күні өтер.
Жылқы ішінде боз атың,
Әкелі бала озатын.
Әкесі жоқ жалғызың,
Болды ғой енді тозатын.
Омырау толы ақ моншақ,
Әкелі бала мақтаншақ.
Әкесі жоқ жалғызың,
Болады енді жасқаншақ.
Кереге жайдым бес бастан,
Қайғылы болдым мен жастан.
Бүйтерімді мен білсем,
Ұшпас па едім жартастан.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Әйелдің ерін жоқтауы өлеңінің авторы кім?

Қазақ ауыз әдебиеті — осы өлеңнің авторы.

Әйелдің ерін жоқтауы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Әйелдің ерін жоқтауы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қазақ ауыз әдебиеті өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Әйелдің ерін жоқтауы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері