Туған өлкем – Қайрат Жұмағалиев

Бұл бетте «Туған өлкем» атты Қайрат Жұмағалиев жазған туған жер туралы өлең берілген.

Қазақстаным,
Өмірмен бірге
Дүниеге келген егізім!
Қойныңнан табам
Ықылым күннің мен ізін…
Көлбеген көлдер,
Шөлдеген белдер,
Өр таулар –
Бәрі бар сенде,
Тулайды арда теңізің.

Қазақстаным,
Қып-қызыл құм да,
Жап-жасыл ну да баршылық.
Қиырсыз түзге
Аспанның асты таршылық
Еткендей –
Толқып қарайсың,
Көңілің аршылып…

Қазақстаным,
Естисің ылғи
Қай жаққа құлақ түрсең де,
Өмірдің күйін
(Теңеулер келмей тұр шенге…)
Адамзат білген, білмеген барша байлықтың
Киелі туған топырағым,
Бәрі – бір сенде!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері