Менің замандастарым – Қайрат Жұмағалиев

Бұл бетте «Менің замандастарым» атты Қайрат Жұмағалиев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 30.11.2015
  • 0
  • 1
  • 10963
Сен таптың ғажап ырғақ тың,
Жұлдызбен көкте бірге ақтың.
Жарасын жаздың соғыстың
Көздегі жасты құрғаттың,
Менің замандастарым!
Бел баласы Отанның
Сананың тыңын қопардың.
Өгейсіген құм-шөлге
Өмірді сүйреп апардың,
Менің замандастарым.
Арманыңмен тел өстің,
Келер күнмен теңестің.
Космоспен кеңестің
Ақылға жарлы емессің,
Менің замандастарым.
Дұшпаның мойып, жасыған
Құдыретіңе бас ұрам!
Сен шештің дүние тағдырын
Уақыт трибунасынан,
Менің замандастарым!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (1)

Баян

Керемет

Осы автордың басқа өлеңдері