Байланыс

Бұл бетте «Байланыс» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 640
Отырғам жоқ тек жазып бұл өлеңдi,
от шарпып тұр жаным менен денемдi.
Уы сiңiп мына ұлы ғасырдың
тостағандай шағын ғана көл өлдi.
Аты әйгiлi сол аймаққа, баршаға
сұлу-тұғын шағын ғана болса да.
Сiңген удан өлiп кеткен сол көлге
ешкiм бiрақ мән берген жоқ соншама.
Семiп бара жатты бiрақ бiр өмiр,
шөгiп бара жатты бiрақ бiр өмiр.
Көлi өлген соң салтанаты бұзылып,
басқаша боп кеттi мүлде бұл өңiр.
Үндерменен ұлып тұрды үзiккен
дауыл шығып терiскей мен түстiктен.
Ұшып бара жатып кенет
үзiлiп
түсетұғын болды жерге құс бiткен.
Басқаша боп бара жатты төбем де,
басқаша боп бара жатты терең де.
Жанымды жеп,
сүйегiмдi кемiрген
үндер пайда болды сонсоң өлеңде.
Бiлмей бiреу ешнәрсенiң байыбын
жимайтұғын болып алды айылын.
Сенiм өлiп бiр адамның бойында,
ал бiр жанда кемiп кеттi қайырым.
Мынау өңiр келе алмастан бiр жөнге
оттай ыстық – тұншығып-ақ тұр желге.
Тым қатерлi тозаң қонып бiр жерге,
Тым қауiптi жаңбыр жауды бiр жерге.
Жатты сонсоң әлдекiмдер жаза алып,
жатты сонсоң әлдекiмдер сөз алып,
ормандарда ағаштарға от тиiп,
өзендерде балықтардың көзi ағып...
Ой ұшырап отырғам жоқ қияға.
Мұндай кезде қияны ойлау сия ма?
Сонан кейiн сұп-сұр болып қара жер,
жұмыртқалар iрiп кеттi ұяда.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Байланыс өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Байланыс өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Байланыс өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Байланыс өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері