Алабұртқан алтын шапақ нұр төккен – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Алабұртқан алтын шапақ нұр төккен» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 776
Алабұртқан алтын шапақ нұр төккен,
шығып алып космосқа – туу көкке
түсiредi космонавтар дамылсыз
алып Жердi,
ұлы Жердi суретке.
Төңкерiлiп бұлттардың ауғанын,
нөсер болып жаңбырлардың жауғанын,
түсiредi аспаннан
теңiздерiн, мұхиттарын, тауларын.
Десек-тағы өзiңдi ойға бөктерiп:
ғаламат қой әр күнiмнiң беттерi.
Көрген кезде ойланасың жерiмнiң
тұманменен тұнжыраған сәттерiн.
Сан қырынан, сан бояумен көрiнген,
түсiрiлер бәрi-бәрi көгiмнен:
ұлы Жерiм былғап апты етегiн
мұнайларға танкерлерден төгiлген.
Жапан далам – суретi бар беттерде –
сан бояулы ғажайып бiр дәптердей...
Суреттерге түсер жерiм киiнiп
Қыс пен Күзге, Жазға және Көктемге.
Көкiрекке
ормандардың мекенi
болады ғой кеткендей-ақ от енiп,
түсiп жатса Жерiм менiң суретке
ұлы-ұлы қалаларын көтерiп.
Ашық күнi ашып тастап айбарын,
бұлт басса – ауыр тартып ойланып,
түсiп жатыр Жерiм менiң суретке
түпсiз терең кеңiстiкте айналып.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Алабұртқан алтын шапақ нұр төккен өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Алабұртқан алтын шапақ нұр төккен өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Алабұртқан алтын шапақ нұр төккен өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Алабұртқан алтын шапақ нұр төккен өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері