Өлең, жыр, ақындар

Молшылық жыры

  • 17.06.2022
  • 0
  • 0
  • 884
Тоғайларым – аспаннан! –
Жерге қонған
Бұлт секiлдi.
Шалшығымның өзi
Зәмзәм суынан
Тұнық секiлдi.
Кешегi ақ тақыр
Кiлем жапқандай
Жайқалып тұр.
Ат аунаған жерлерде
Түк емес – шылқыған! –
Май қалып тұр.
Шоршыған балықтардан
Айдын көлдерiм – бұрқылдап! –
Қайнап жатқандай.
Қара судың бетiне
Кiлегей тұрып,
Қаймақ қатқандай.
Қаптаған гүлдер
Төгiлiп қалған
Жырым секiлдi.
Егiннiң масағы
Тоқпақтай бұрым секiлдi.
Дүние құтқа
Белшесiнен бөгiп,
Батып қалған.
Бестi қойларым
Қазандай құйрықтарын
Көтере алмастан
Жатып қалған.
Тасбақаға дейiн
Желiгiп кеткендей...
Сөздерiм де
Майға малтығып
Семiрiп кеткендей.
Аңғарлардың танаулары
Бұлттармен дем алып
Делдиiп тұр...
Жота-қырларым
Босанатын әйелдердiң –
Қарынындай –
Шермиiп тұр.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Шегірткелер

  • 0
  • 0

Ойлаумен әрбiр сағат, әр күнiмдi
ар жылап, жүрек күйiп жан бүлiндi...
Бұлт болып шегiрткелер қаптап ұшып
жалмауда астығымды, шалғынымды.

Толық

Көршілерім

  • 0
  • 0

Ертеректе
Каспиймен көрші болдым.
Енді қазір
Алатаумен көршімін.

Толық

Толқындар

  • 0
  • 0

Толқындар
жағаны қабады.
Биiктен шүйiлген
дәп қазiр қырғимын, –

Толық