Грамматикалық жіктеу – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Грамматикалық жіктеу» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 922
Айтар кезде жалынменен, отпенен,
айтар кезде Ақиқатты ақберен, –
сөйлей алман мен үшiншi жақпенен,
сөйлей алман мен екiншi жақпенен,
сөйлеймiн мен тек бiрiншi жақпенен.
Бетiн жыртып зұлымдықтың,
сұмдықтың,
қорғаны боп қалам десең мұңлықтың
айту керек –
тек бiрiншi жақпенен! –
ақиқатты,
шындықты.
Жiк-жiк болып, бөлiнсең-ақ бiтпейдi iс!
Осыны сен түсiнiп ал,
ұқ деймiз.
Сөйте тұра кейбiр кезде бiрiкпей
мен,
сен,
ол деп неге жiктеймiз?!
Болмаса да айыбымыз, күнәмiз,
неге ғана iштен ғана тынамыз,
Сөйлер кезде қара қылды қақ жарып
сен айтшы деп,
ол айтсын деп тұрамыз.
Орынына қойып берер тiрлiктi
оңашада жұрттың бәрi кiл мықты...
Кенет бiздiң алдымызға ар келiп
деген кезде:
кiм айта алар шындықты? –
Елеместен қауiп-қатер ызғарын
жүрек ысып,
жүз өртенiп,
жүз жанып, –
мен егер де атып тұрып «мен» десем,
сен егер де атып тұрып «мен» десең,
ол егер де атып тұрып «мен» десе –
шықпаймыз ба тас түйiндi «бiз» болып.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Грамматикалық жіктеу өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Грамматикалық жіктеу өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Грамматикалық жіктеу өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Грамматикалық жіктеу өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері