Жалаңаш – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Жалаңаш» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 08.06.2022
  • 0
  • 0
  • 1150
Сөз жалаңаш, дәл қазiр,
жыр жалаңаш.
Құм жалаңаш,
сайың мен қыр жалаңаш.
Ұятынан безiнген бұл дүние
тыр жалаңаш, құдай-ай,
тыр жалаңаш.
Алла,
өзiң сабыр бер iндетiңе –
кешiрiмдi жасай көр үмбетiңе.
Алпыстағы қария үңiледi
тыр жалаңаш әйелдiң суретiне.
Қатер-итке өзiмдi талатамын.
Адамдықты кәдiк қой тонатарың.
Әйелдерге жалаңаш үңiледi
темiрқанат сарыезу балапаның.
Жалаңаш пен жалаңаш табысады.
Жалаңаш пен жалаңаш қауышады.
Экранда –
төрiңдi ойнақ етiп
тыр жалаңаш адамдар алысады.
Сөз жалаңаш, дәл қазiр,
жыр жалаңаш.
қыр жалаңаш,
сайың мен құм жалаңаш.
Отыздағы ұлыңыз, – елдi ұмытқан –
есiл-дертi әйел боп тыр жалаңаш!
Бұлай кетсе дүние талақ болар,
Татулық пен ынтымақ тарап болар.
Тыр жалаңаш әйелдер қаптап кетсе
тiршiлiктiң бәрi де харап болар.
Аруақты елiм мен жерiмдегi
ар-ождан мен ұяттың сөгiлгенi.
тыр жалаңаш әйелдер қаптап кетсе
абыройдың айрандай төгiлгенi.
Сөз жалаңаш, дәл қазiр,
жыр жалаңаш.
Құм жалаңаш,
сайың мен қыр жалаңаш.
Ұятынан безiнген бұл дүние
тыр жалаңаш, құдай-ай,
тыр жалаңаш.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жалаңаш өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Жалаңаш өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жалаңаш өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жалаңаш өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері