Астана қысы

Бұл бетте «Астана қысы» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 29.06.2022
  • 0
  • 0
  • 811
Түкірген түкірігің
Қара жерге
Мұз боп тұсетін,
Суықтан бетің
Асқабақтай боп
Домбығып ісетін,
Ашық қалған құлағың
Тоттанған қаңылтырдай
Қаудырлап үсетін
Мына суықтың
Сұрапылын-ай!
Ұйтқыған боранның
Бетіңді оңға бұрсаң
Оң жақтан,
Солға бұрсаң
Сол жақтан,
Бүкшисең —
Жердің астынан
Суырылып ұратынын-ай.
Айналаң түгел
Үйіріліп
Ұйтқып тұр —
Шайтан-бәлелердің
Жын салғанындай.
Апыр-ай,
Мына сукықтың
Дүние тірлікті
Темір торлардай
Құрсаулауын-ай.
Суықтан
Құмдай боп кеуіп қалған
Ақ қарды бассаң —
Аш адамның
Кепкен нан шайнағанындай
Қаршылдауын-ай.
Ағаш біткеннің
Тұла бойларына
Діріл кіріп
Қалшылдауын-ай.
Мына суңықтан
Есім адасты–-ау:
Етегі алау-далау
Боранға оранып
Жатқым келеді;
Бәрінен бұрын,
Желең киінген
Ескерткіштердің үстіне —
Біреуінен басқасына —
Тоңып қалды-ау деп
Тон апарып
Жапқым келеді.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Астана қысы өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Астана қысы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Астана қысы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Астана қысы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері