Жаңа ай – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Жаңа ай» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 05.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1278
Мамырдың түнінде
Барғанбыз баққа бір.
Нұр ойнап түріңде,
Құлпырдың шақта бұл.
Дірілді денеңді
Аймалап сүйдім мен.
Бақытқа бөлендім,
Басымды идім мен.
Тынық түн төрінде
Тұтанды ғашықтық.
Болашақ өмірге,
Әйтеуір, асықтық.
Сол бір шат уақытта
Мүлгіді айнала.
Біздегі бақытқа
Куә тек ай ғана.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жаңа ай өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Жаңа ай өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жаңа ай өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жаңа ай өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері