«Бекет ата» басында

Бұл бетте ««Бекет ата» басында» атты Темірхан Медетбек жазған ата туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 09.06.2022
  • 0
  • 0
  • 853
Астасатын Үстiрттiң қиырымен,
басталатын алып ой бүйiрiнен, –
«Бекет ата» басында арқар деген
үйiрiмен жүредi
үйiрiмен.
Тәкаппарлық,
паңдық бар – қарасында.
Ескерткiштей құйылған жарасымға, –
қауiп сезбей тұратын емiн-еркiн
ақар-шақар тастардың арасында.
Емiн-еркiн секiрiп тау-тасынан
қарап тұрар жартастан
жар басынан.
Адамдарды бұл жерде ол туыс көрiп,
маңғаз басып өтедi дәл қасынан.
Бұл жерде арқар –
айналған асыл аңға.
Тимейдi оған таңқы да,
тасыраң да.
Оларды ешкiм шошытып,
қорқытпайды.
Оларды ешкiм атпайды осы маңда.
Iшiн кезiп таулардың –
ұзын көштiң,
демес мұнда:
аңдардың iзiн кестiм.
Қонып жатқан,
қайтадан ұшып жатқан
үркiтпейдi бұл жердiң құсын да ешкiм.
Бұл жерде адам жат ойды аластайды.
Өтiрiк те,
өсек те жақ ашпайды.
Бұл жерде адам айқайлап,
жағаласпай.
Бұл жерде адам даурығып,
таласпайды.
...Осы жердiң тау, тасын кезiп кеттiм.
Кезiп кеттiм,
қаншама ой сезiп кеттiм:
кей адамнан безiнсем,
келер кейде
«Бекет ата» жағына көшiп кеткiм.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

«Бекет ата» басында өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

«Бекет ата» басында өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

«Бекет ата» басында өлеңі не туралы?

Бұл шығарма ата туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

«Бекет ата» басында өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері