Көктайғақ – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Көктайғақ» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 29.06.2022
  • 0
  • 0
  • 708
Жердің үсті
Шыны қаптағандай
Көкпеңбек.
Аяз қысып тұрса да —
Қарысып жүрем деп —
Кетесің көк тер боп.
Дәл алдыңда
Бара жатқан жан —
Кенеттен! —
Оқ тигендей
Жалп ете түседі.
(Жол шетінде отырған
Ала қарға
Жемтік көргендей
Қарқ ете түседі.)
Аспаның да,
Жерің де
Көкбет әйелдің
Бетіндей
Көкпеңбек...
(Апыр-ай,
Мына қу өмір
Жүргізер емес қой
Бәрінен өктем кеп.)
Аспанның
Бір шетінде
Қып-қызыл Күн,
Бір шетінде
Тышқан кемірген
Кепкен нандай боп
Ай қарап тұр...
Әйтеуір, дәл қазір
Көктайғақ
Көкбет дүние
Бейшара құсап
Ілбіп жүрмесең
Жалп еткіземін деп
Сырғанап,
Тайғанап тұр...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көктайғақ өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Көктайғақ өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Көктайғақ өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Көктайғақ өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері