Әріптері де қару-жарақтай

Бұл бетте «Әріптері де қару-жарақтай» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 17.06.2022
  • 0
  • 0
  • 865
Көк түрiктер жазбалары,
Көк түрiктер әрiптерi –
Қандай айбатты едi,
Қандай қайратты едi.
Жер үстiнде жоқ
Iрiлiк неткен!
Жазуларын –
Қара тастарға
Сiңiрiп кеткен.
Бiр әрiптерi
Шашақты найзадай үшкiр.
Бiр әрiптерi
Көбе сөгетiн –
Қозы жауырынды! –
Жебедей ұшқыр.
Бiреулерi
Еменнiң бұтағынан иiлген
Адырнадай керiлiп тұр.
Бiреулерi –
Тастың iшiнде! –
Тұлпардың тұяғындай
Тебiнiп тұр...
Бiреуi
Қалқанның шеңберiндей
Бiреуi
Тасты бүрiп тұрған! –
Бүркiттiң шеңгелiндей.
Бiреуi
Ту көтеретiн сырықтай.
Бiреуi
Асау ұстайтын құрықтай.
Бiреуi –
Неткен тәкәппар! –
шалқайып тұр.
Бiреуi –
Қиып түсемiн деп! –
Қылыштай қайқайып тұр.
Осының бәрi –
Бiз үшiн! –
Тәлiм, сабақтай:
Көк түрiктердiң –
Әрiптерi де! –
Елiн қорғайтын
Қару-жарақтай!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Әріптері де қару-жарақтай өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Әріптері де қару-жарақтай өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Әріптері де қару-жарақтай өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Әріптері де қару-жарақтай өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері