Сыншының сыры – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Сыншының сыры» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 24.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1194
Кім дейсің ғой сыншыны?
Сыншы деген міншіні?
Ол адамның мінін айтады,
Жасырмай шынан айтады.
Айтқанда, ашық айтады,
Қотырын қасып айтады.
Тас кенедей қадалады,
Қадалған жерден қан алады.
Яғни, қотырыңды қаси береді,
Қасыған жер аши береді.
Артынан сыншы опынып қалады,
Не істерін білмей, отырып қалады.
Өйткені, шенеунік-шекпенділер,
Әділ сынға кектенділер:
«Сыналатын кім едім?
Өз құдіретімді білемін.
Мені сынайтын адам ба?
Әлде топас, надан ба?
Көк шыбын қондырып көзіне,
Көрсетейін өзіне» –
Деп, тұлданып, күйініп,
Сыншыға қатты шүйіліп,
Түсіп алып соңына,
Айналады сорына.
Содан сыншы оңбайды,
Шынында да сорлайды.
Жолы болмай әр жерде,
Тұншығады тар жерде.
* * *
Сыншы деген шынында,
Қандай еді бұрында?
Бұхар жырау бабамыз,
Ақылы асқан данамыз,
Атышулы жандардың,
Абылайдай хандардың
Мінін ашық айтқан,
Бетіне басып айтқан.
Ашуланбай хан оған,
Ақыл тыңдап данадан,
Шын ықылас қойған ғой,
Кемшілігін жойған ғой.
* * *
Тіпті, орыс патша да,
Қатты сынап жтса да,
Крыловты қумаған,
Қол-аяғын бумаған.
Әр мысалын зерделеп,
Ақылға сап тыңдаған.
Сондықтан, ұлы мысалшы,
Көздеп түрлі нысанды,
Жаза берген мысалды.
Еш қиындық көрмеген,
Қалауынша сермеген.
Оның оқтай сөздері
Өтіп небір өңменнен,
Жүректерді тербеген.
Крыловтай ұстазым
Маған да маза бермеген.
Мен секілді мысалды
Сен де жазып көр деген.
Содан жазып келемін
Мысал деген термемен.
Торықпаймын, тосқауыл
Көремін деп кермеден.
Қолдап жатса ел деген,
Жасқанамын мен неден?
Әділеттікті мадақтап,
Әділетсізді адақтап,
Ақ семсерді сермегем.
Мың өлсе де қорқақтар,
Ерлер екі өлмеген.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сыншының сыры өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Сыншының сыры өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сыншының сыры өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сыншының сыры өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері