Нан мен балалар – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Нан мен балалар» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 21.07.2019
  • 0
  • 0
  • 1535
(Бертольд Брехттен)

1
Балалар мұрнын шүйіріп,
Қарамай нанға шулады.
Тас жұтқан жақсы түйіліп,
Деп олар текке тулады.

2
Көгерді сол нан көп тұрып,
Аузына ешкім алмады.
Өкпелі нанға бет бұрып,
Жәшік бір сөзін арнады:

3
«Іздейді әлі-ақ сені олар,
Аңсары үзім нан болып.
Қабығыңды да жеп алар,
Қоқымыңа да зар болып».

4
Балалар бірде кезді елді,
Адасты жолда арып та.
Ақыры олар кез келді
Діндері бөлек халыққа.

5
Балалар жүрді қапада,
Өңдері қашқан, аш, арық.
Нан түгіл сұйық атала
Бермеді ешкім қасарып.

6
Уақыт сырғып өтуде,
Талықсып өзек күн ұзын.
Іздеді талшық етуге
Қадірлі нанды – бір үзім.

7
Көгерген нанды сол беттен
Тауысқан тышқан тағылар.
Сұрағанменен жер-көктен,
Үзім нан қайдан табылар?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Нан мен балалар өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Нан мен балалар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Нан мен балалар өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Нан мен балалар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері

Басқа да жазбалар