Амантай кім? – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Амантай кім?» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 04.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1291
Амантай кім? –
Қалаулысы халқының,
Қашан көрсең, ашық мінез, жарқын үн.
Ауырмасын деп аяулы адамдар,
Алаңдаумен өткізеді әр күнін.
Амантай кім? –
Сүйіктісі жалпының.
Өркендеткен ғылымдағы қарқынын.
Ең бастысы – денсаулығы адамның,
Керек емес оған күміс, алтының.
Амантай кім? –
Көзін салып Қырымға,
Шарықтаған шырқау шындық шыңында.
Адамдардың амандығын ойлаумен,
Өзін-өзі ұмытқан жан шынында.
Амантай кім? –
Кеудесінде мол арман,
Бақытты жан болашаққа жол алған.
Арттағылар қалмасын деп дертті боп,
Өліп барып, о дүниеден оралған.
Амантай кім? –
Алға тартып шеруі,
Алып шыққан бір Аллаға сенуі.
Өзгелердің тіршілігі – тынысы,
Мұндай жанның мүмкін емес өлуі.
Амантай кім? –
Асылдардың асылы,
Айнымаған алшысынан асығы.
Амантайлар аман болсын әманда,
Аялайды оны алтын ғасыры


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Амантай кім? өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Амантай кім? өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Амантай кім? өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Амантай кім? өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері