Жабайы ешкілер – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Жабайы ешкілер» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 08.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1372
Малшы қыста тауып ап ешкілерді жабайы,
Айтты алғысын Тәңірге, ашылып жан сарайы:
«Өте жақсы, – деді ол, – керегі жоқ қойманың,
Енді екі есе көбейеді қойларым.
Тоймаса да тамағым,
Сүйкімді осы Ешкілерді бағамын.
Мырза атанып, жүрем елде шіреніп,
Малшыға мал, маған керек иелік.
Салым жияр мен үшін,
Ірімшік, май мол болар.
Және олардың сыпырамын терісін,
Жем-шөп жағы... тек қиыны сол болар;
Қысқа жетер малшының бар жем-шөбі!»
Енді өзінің малының жемін тасып қонаққа,
Сылап-сипап тамақтан,
Күн сайын ол жүз рет барып жүрді ол кемі,
Жабайыны үйретуге асығып.
Өз малына жемдерді
Анағұрлым кем берді,
Өйткені, олар кете қоймас асылы;
Шөпке ұмтылып, жақындаса маңырап,
Шыбықпенен айдап шықты дабырап,
Көрінбе деп көзіме.
Бірақ, көктем жеткенде күн жылынып,
Бар жабайы Ешкілер қашып кетті безіне,
Таусыз өмір мұңлы екенін ұғынып.
Арып бітті өз малдары,
Сойып алды қалғанын.
Малшы қалды таяқпен,
Қыс қысады, әй, әттең!
Байимын деп жүрсе-дағы көңілді.
* * *
Малшы! Енді сөзімді ұғар бол, қасқа:
Ешкілерге қор қылғанша жеміңді,
Өз малыңды күйлі ұстасаң болмас па?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жабайы ешкілер өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Жабайы ешкілер өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жабайы ешкілер өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жабайы ешкілер өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері