Ат пен машина – Айтқали Нәріков‎

Бұл бетте «Ат пен машина» атты Айтқали Нәріков‎ жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 27.11.2015
  • 0
  • 0
  • 3354
Жылқының шын бағасын беріп тұрып,
Алдық біз машинадан көлік мініп.
Шапшаңдық шылауында кете бардық,
Көңілге бір керемет желік кіріп.
Жүрісі машинаның құйын-елес,
(Егесу машинамен, қиын егес).
Тұлпарды талдыратын тәуліктік жер,
Моторлы машинаға бұйым емес.
Жылқының азайды деп ақтар ісі,
Көбейді машинаны мақтар кісі.
Адамның делебесін қоздыратын,
Азайып бара жатыр aт жарысы.
Біздерден барлық сырды «оқып алып»,
Шырадай көздерінің оты жанып.
Басын caп маишнаның капотына,
Тұрады қыл құйрықтар оқыранып.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ат пен машина өлеңінің авторы кім?

Айтқали Нәріков‎ — осы өлеңнің авторы.

Ат пен машина өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ат пен машина өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Айтқали Нәріков‎ өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ат пен машина өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері