Әнші – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Әнші» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 949
Гүлi құсап мынау тiрлiк, өмiрдiң,
әнiн айтып туған жер мен елiңнiң
бұлғақ қағып
микрофонды қолыңа ап
шыға келдiң экраннан көгiлдiр.
Дәл осы сәт –
жалын оттан жаралған
сен шыққанда жанды қанша жаңа арман,
қаладағы автобустар бос қалып,
көшелерде кеттi азайып адамдар.
Сен шыққан соң
демiгiп бiр кезекпен
әнмен ғана дем алып тұр қос өкпем.
Дәл осы сәт бүкiл елде
бiлем мен
күрт кемiдi бос сөздер мен өсектер.
Ал сен болсаң
болашаққа шөлдеген,
саулық тiлеп
орман,
көлге,
жерге де
микрофон – рюмканы қолыңа ап
тост көтерiп тұрғандайсың әнменен.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Әнші өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Әнші өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Әнші өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Әнші өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері

Басқа да жазбалар