Сыпыра жырау

Бұл бетте «Сыпыра жырау» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 14.06.2022
  • 0
  • 0
  • 1440
Басына
Қара бұлт бүркенiп
Қаратау болып теңселдi.
Төбесiне
Жасын ойнатып
Алатау болып қозғалды.
Гулеген сайын желпiндi,
Үрлеген сайын қозданды.
Жүрегi
Сарнап жылады.
Қобызы
Аңырап жылады.
Қазандай қайнады.
Хазардай көпiрдi.
Отқа түсiп қақталған,
Төске түсiп тапталған
Алтын балдақты ақ семсердей
Сiлтеген сайын жетiлдi.
Құйып төккенде
Данамен де мұңдасты,
Даламен де мұңдасты.
Қышырлатып тiсiн қайраған,
Қарпып шайнаған
Қарт бурадай
Жын шашты.
Шердi қозғады.
Қамаулы
Жылқыдай кiсiнеп,
Ботасы өлген
Iнгендей боздады.
Бiреудi шақырды,
Бiреудi батырды...
Құйрығымен жұр ұрған
Арыстандай ақырды.
Садақтайын иiлдi.
Жолбарыстай бүгiлдi.
Дауылды күнгi
Теңiздей тулады.
Жауынды күнгi
Ормандай шулады.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сыпыра жырау өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Сыпыра жырау өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сыпыра жырау өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сыпыра жырау өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері