Сапардан соң

Бұл бетте «Сапардан соң» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 26.06.2022
  • 0
  • 0
  • 626
Мен
Кейінгі кезде
Бір тыным таппаймын.
Саудагерлердей
Көп жүріп кеттім.
Іштегі бір дауыс
Айқай салды:
Өзіңді бүйтіп кемітпе,
Көк түрік тектім!
Мен шынында
Кейінгі кезде
Көп жүріп кеттім.
Алтайға барып ем,
Алтай тауым
Бауырында жатқан
Бұлттың бәрін
Сыпырып тастап
Келдің бе! деп
Жар салды.
Маңғыстауға барып ем
Маңғыстауым
Кәрі Каспийдің
Толқындарымен бірге
Қол соғып қарсы алды.
Оңтүстікке барып ем,
Оңтүстігім
Қара суыма
Бал салды.
Теріскейге барып ем,
Теріскейімнің
Топ-топ боп тұрған
Қарағай, қайыңдары
Құрметіме ән салды.
Менің сонда
Ойыма
Өрттей от толды.
Жаным жаралы болатын,
Жарасы жоқ болды.
Қайтадан
Қабыландай айбаттандым,
Қара нардай қайраттандым.
Тартысқандарды
Ту-талақай етіп
Шалып жығатындай,
Алысқандарды
Ит сілікпесін шығарып
Алып ұратындай болдым.
Болдым,
Толдым!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сапардан соң өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Сапардан соң өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сапардан соң өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сапардан соң өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері