Антенна – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Антенна» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 740
Өз бойынан өткiзген тасқын, ағын
экранның алдында қаншама рет,
Қаншама рет күлдiм мен, жас бұладым, –
селтиiп тұрғанда сен бұрышымда
сезiмтал, сергек менiң қос құлағым.
Жасырмайсың жұрттан сен тамшыдай сыр.
Әуелдегi толқында дүрмек болса
әлденеге әуре боп, әбiгер боп
қос құлақты созасың, қайшылайсың.
Жаңалықтың сусындап қайнарынан,
сыр тартасың қаладан, қойлы ауылдан.
Құлағыңды тiгесiң күндiз-түнi
экран мен эфирдiң шуға толы
көгiлдiр жайлауына!
Қамығайық мұңайып, не күлейiк –
экранға қадалып емiнейiк...
Қалт жiбермей қимылын дүниенiң,
тұр антенна үйiмнiң бұрышында
қос құлағы селтиiп, едiрейiп.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Антенна өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Антенна өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Антенна өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Антенна өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері