Күмән мен күдік кезеңі

Бұл бетте «Күмән мен күдік кезеңі» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 25.06.2022
  • 0
  • 0
  • 759
Ертеңнің есігінде
Кірдің тасындай
Ап-ауыр құлып тұрды...
Елдің ішіне
Құзғындай қаптаған
Күмән мен күдік кірді.
Бүкіл ел, қарашы,
Күмән мен күдікке
Таланып тұр, –
Жаралы жанынан
Қып-қызыл қан ағып тұр.
Елдің қазір
Арманы — мұң,
Үміті — шер боп кеткен.
Сенімі
Құзғындай қаптаған
Күмән мен күдікке
Жем боп кеткен.
Біреулер олай деп,
Біреулер бұлай деп
Езулерінен
Көпіріп жын ақты...
Осы кезеңде
Қолмен ұстап,
Көзбен көріп тұрған
Шындығыңның өзі
Өтірік сияқты.
Осы кезеңде
Әр адам
Өзіне тығылып,
Өзін қанайтындай...
Тіпті дәл қазір
Бір адам—
Қасында жүрген
Бір адамның
Тірі жүргеніне
Күмәнмен үңіліп,
Күдікпен қарайтындай...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Күмән мен күдік кезеңі өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Күмән мен күдік кезеңі өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Күмән мен күдік кезеңі өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Күмән мен күдік кезеңі өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері