Күнді аңсау – Бауыржан Халиолла

Бұл бетте «Күнді аңсау» атты Бауыржан Халиолла жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 01.12.2015
  • 0
  • 0
  • 2588
Көктемі өтті,өмірімнің жазы бұл,
Шәлкес мінез «шалға» айналдым қазымыр.
Көпе көрнеу көзім алды бұлдырап,
Көңілімнің күңіренді сазы кіл.
Таттым талай шарап пенен сырадан,
Көк түтінмен қос өкпені шылағам.
Менің ісім кейбіреуге күлкілі,
Құдықтағы айды алам деп құлаған.
Құлағымда құрбақалар ойнады,
Қуат күшім әлсіреді бойдағы.
Шыңыраудан шыңғырып ем дауысым,
Көмейіме кептетіліп қойғаны.
Солай, солай... өз күніме қайранмын,
Тіршілікке жіпсіз ғана байландым.
Оқи-оқи зар заманның ақынын,
Тар заманның ақынына айналдым.
Өз-өзімді жұбатамын өлеңмен,
Жан емеспін қошеметке бөленген.
Күннің көзін көрсетіңдер, ағайын,
Нұр шуағы тамшыласын төбемнен.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Күнді аңсау өлеңінің авторы кім?

Бауыржан Халиолла — осы өлеңнің авторы.

Күнді аңсау өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Күнді аңсау өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Бауыржан Халиолла өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Күнді аңсау өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері