Ей, жолаушы!

Бұл бетте «Ей, жолаушы!» атты Мешітбай Құттықов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 27.04.2018
  • 0
  • 0
  • 4795
Ей, жолаушы, ойланыңыз енді сіз,
Кей істер бар қылмыстарға бергісіз.
Қарулыдан бетер кейбір мас шофер,
Қашан мерт қып кететіні белгісіз.

Мас шоферге жол теңіздей телегей,
Салдыр-күлдір, ой шұқырды елемей,
Бұрылыста аунап барып қайтады,
Тайдай толқын тарпып соққан кемедей.

Бір шофердің қылығынан санасыз,
Жолаушылар есі кетіп шарасыз.
Байқамаса бірер секунд өтпей-ақ,
Бала әкесіз, ана қалар баласыз.

Ей, жолаушы, ойланыңыз енді сіз,
Мұндай істер қылмыстарға бергісіз.
Ішіп алған шофер де бір дұшпаның,
Қашан мерт қып кететіні белгісіз.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ей, жолаушы! өлеңінің авторы кім?

Мешітбай Құттықов — осы өлеңнің авторы.

Ей, жолаушы! өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ей, жолаушы! өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мешітбай Құттықов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ей, жолаушы! өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері