Айға арзу айтып ем аспандағы – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Айға арзу айтып ем аспандағы» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 20.07.2021
  • 0
  • 0
  • 841
Айға арзу айтып ем аспандағы,
Аспанның да көзінен жас тамбады.
Бұлбұлдардың амалы біткен білем,
Қарғалардың заманы басталғалы.
Қайда, қайда гүлзардың таңғы ажары?
Бастан ауып кеткен бе бар ғажабы?
Қан сасытып маңайды жіберді ғой
Қарға менен құзғынның қанбазары!
Қайда құсым сайрайтын таңда ғана?
Жалған əуен жарай ма жандауаға?
Бұзылған үй қайтадан қалқая ма?
Үзілген жіп қайтадан жалғана ма?
Ұясынан ұшуға талаптанған
Балапанды аяймын балақтанған...
Қайран менің сайрауық құстарым-ай,
Қайдағының қолына қарап қалған!..
Жұмырыңа жұқ болмай шоқығаның,
Орманды аңсап, бауды аңсап оты қалың,
Сарайшықта сайраған боласыңдар,
Top ішінде торыққан тотыларым.
Шамам кемде,
He істейін шарам кемде?
Жайымды ұқсаң, жаратқан, жарамды емде.
Замананың амалын табамын деп
Зарлауыққа айналып барам мен де.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Айға арзу айтып ем аспандағы өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Айға арзу айтып ем аспандағы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Айға арзу айтып ем аспандағы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Айға арзу айтып ем аспандағы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері