Қапылып – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Қапылып» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 20.07.2021
  • 0
  • 0
  • 1608
Қапылып,
Қандай болып барады күн?
Жадыңды жаулар ма екен жаңа жырым?
Жауырын жауырланып кетті білем
Тірліктің тарта-тарта қара жүгін?
Өлеңсіз өмір өңі бозаңданар,
Шаң жұғып,
Шарайнаға тозаң қонар.
Мойынсал,
Можантопай,
Момақан күн
Кетіріп мəнісіңді, мазаңды алар.
Қазыққа қаңтарылып,
Тұсауланып,
Жүрер жол қылкөпірдей қысаңданып,
Қыдырып,
Қыз-қырқынмен қызық қуып,
Қызынып қымызды да іше алмадық.
Тоң-торыс тірлік торын бұзбау қатер,
Онсыз да бір жүрекке сыздау жетер.
Желпініп жыр оқыған сəттерінде,
Ақынды жақсы көрем қыздан бетер!
Сері дос!
Аяп қалам сенен несін?!
Алдыңнан өткізейін өлең көшін!
У-шудан мезі болған мең-зең дүние
Бір мезгіл біз жаққа да елеңдесін.
Көзге нұр,
Көкірекке бейіл қонсын,
Зер сөзді зердеге ілер зейін болсын.
Бөпесін өбектеген жас анадай
Бір мезгіл бізге Өмір мейірленсін!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қапылып өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Қапылып өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қапылып өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қапылып өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері