Жданов туралы жыр

Бұл бетте «Жданов туралы жыр» атты Тайыр Жароков жазған поэзия туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 12.07.2022
  • 0
  • 0
  • 688
Күннің көзі қызарып,
Тамшы жасын іркіп бұлт,
Сұрғылт тартып сазарып,
Тына қалды неге жұрт?
Қырмызы қызыл жалаудың,
Желбіреп қара жиегі,
Отанда күллі адамның
Күрсінді неге жүрегі?
Ұйқыға мәңгі жұмылып
Сөнген кез сүйген ұл көзі,
Қайғысына шомылып,
Қызарған еді күн көзі...
Қамқа қызыл жалаудың
Қарайғаны жиегі,—
Қаза болып аяулым,
Қайғы алғаны жүйені.
Сүйікті ұлы елімнің
Қайтыс болды Жданов,
Қамықты менің көңілім,
Өлімнен өмірін қызғана.
Мезгілінен ертерек
Ажал неге сұқтанды?
Ажалдан ісі ірірек,
Жүрегі бірақ тоқталды.
Жанары жасып жассыз көз,—
Жұрт ойы бұлт боп томсарды.
Қайғыға қауырт болып кез,
Жыр қанатын мұң шалды...
Тартылып керней күңіреніп
Жез көмейден сыңсыды...
Жан түгіл, темір тебіреніп,
Мұңды үн миды шымшыды.
Ел үшін бүкіл өмірін
Сарып қылған жасынан
Ер көз жұмды. Елінің
Бағы өшпес мәңгі басынан.

1949


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жданов туралы жыр өлеңінің авторы кім?

Тайыр Жароков — осы өлеңнің авторы.

Жданов туралы жыр өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жданов туралы жыр өлеңі не туралы?

Бұл шығарма поэзия туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Жданов туралы жыр өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері