Қазақстан – Тайыр Жароков

Бұл бетте «Қазақстан» атты Тайыр Жароков жазған отан туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 11.07.2022
  • 0
  • 0
  • 1386
Қазақстан кең көзі,
Алтын атқан жер көзі.
Асқар тауы асқарлай,
Асқарын сүйеді аспанда ай;
Асқарын сүйсе аспанда ай
— Айға алтынын шашқандай,
Шалқып жатқан дер кезі,
Кені Алтайдың үзілмей,
Күркірей аққан өзендей,
Күмісі шаққан күндіздей,
Алтыны шолпан жұлдыздай,
Ақ мақтасы жамбыдай
Балығы балғын құндыздай,
Колхозы түлік ергізді.
Өзені балғын бал бұлақ,
Суына сұлу ай құлап,
Толқынына дамылдап,
Қаздай қалқып мамырлап,
Жүзді, жүзсін сабырлап,
Жүзсін көктің кербезі!
Тек қана жалғыз ай емес,
Тек қана жалғыз жан емес
Бақытты Қазақстанға
Таңғалады жер жүзі!

1937


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қазақстан өлеңінің авторы кім?

Тайыр Жароков — осы өлеңнің авторы.

Қазақстан өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қазақстан өлеңі не туралы?

Бұл шығарма отан туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Қазақстан өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері