Маяковскийдің үйінде – Ғафу Қайырбеков

Бұл бетте «Маяковскийдің үйінде» атты Ғафу Қайырбеков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 26.05.2019
  • 0
  • 0
  • 1462
Осынау бір көне үйге
Өлеңімді көтеріп,
Ақыл алып, мен ылғи
Жүрген жандай көп келіп.
Кіре бердім еркіндеп,
Ниетім жоқ жасқанбақ,
Еңсемізді біртіндеп
Биіктегі баспалдақ.
Кіп-кішкене қос бөлме
Алып ақын тұрған үй.
Өлең болып өскенде
Көңіл шіркін сыйған үй.
Нелер сабаз отырған
Сол қалпында орындық.
Үйді жырға толтырған
Алуан ақын жолығып.
Қаламы да қалпында
Иек артқан дәуітке.
Соңғы жолдың артында
Қалыпты тек көп нүкте.
Бітпей қалған өлең бе,
Ойында оның тізілген?
Әлде сол бір өмір ме
Аяқталмай, үзілген?
Үйдің іші тым-тырыс,
Ешкім жоқ үн қатқандай.
Ақын алып бір тыныс
Жаңа ғана жатқандай...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Маяковскийдің үйінде өлеңінің авторы кім?

Ғафу Қайырбеков — осы өлеңнің авторы.

Маяковскийдің үйінде өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Маяковскийдің үйінде өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ғафу Қайырбеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Маяковскийдің үйінде өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері