Гүжім ағашы – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Гүжім ағашы» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 04.08.2021
  • 0
  • 0
  • 1145
О, достар!
Осынау шақ жасымда
Аралап біраз жер көрдім.
Көргенді көңілге тоқып,
Көркемін өлеңге өрдім.
Көп жаздым ағаштар жайын –
Мәжнүн тал,
сымбатты қайың,
Нән шынар,
зәулім терек,
Жемісі шырын хұрма
Мәнісін ақтардым ерек.
Қабағын ашпайтұғын,
Бөгде сыр шашпайтұғын,
Мұңы мол кипаристі,
Магнолия жұпар иісті,
Сұлу һәм залым қалпында
Ол дағы өлеңге түсті.
Көк тасын Көкшетаудың
Қақ жарып өскен зәулім
Қарағай хас батыр боп,
Мол жайлап жүр жыр ауылын.
Жерінде қарақалпақ
Және бір ғажайып көрдім,
Көркінен көз айыра алмай
Таңданып, таңырқай бердім.
Қанатын кең жайып өскен,
Жапырақ бұтағы ерек,
Ордадай алты қанатты
Кең сая, самалы бөлек
Бір ағаш Гүжім аталған
Сырымен тербеді мені
Ерекше толқынға бөлеп.
Бұл өзі кездеспейді молдан,
Өспейді ішінде орман,
Өйткені егеді екен,
Тек қана қарт кісі қолдан.
Жастарға егуге тыйым
Ежелден салатын болған.
Мұны жас адамдар ексе,
Көктемей жастайын солған.
Сонымен аулаға егіліп,
Бір бүйірі суға көміліп,
Бес жүз жыл ғұмыр жасап,
Маңына самалы себіліп,
Тұрады Гүжім төгіліп.
Ерекше тағы бір қыры,
Білуге қажетті сыры –
Маңына шыбын шіркейдің
Әсте де жоламайды бірі.
Кеш болса, қарттар құйылып,
Әңгіме дүкен құрылып,
Сергіп бір тарасады екен,
Көкірекке көп сырлар түйіліп.
Мақтауға тұрарлық бөтен,
Және бір сыры бар екен –
Қарақалпақ, Хорезм жерінен
Өзге топырақты етпейді мекен.
Алматы апорты сынды
Ғажайып патриот екен.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Гүжім ағашы өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Гүжім ағашы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Гүжім ағашы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Гүжім ағашы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері