Бал күндерім! – Гүлнұр Нұрланқызы

Бұл бетте «Бал күндерім!» атты Гүлнұр Нұрланқызы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Бал күндерді,балалықты үзіп-ап,
Кетті өмір,елеместен зымырап.
Сағындым қуанышты кездерімді
Құлағанды, жылағанды мамалап.

Күлкі кетер,жастық өтер зуылдап,
Өмір сүру бара жатыр қиындап.
Жамандықта қиындықпен жоғалар,
Күлкіменен,қуанышпен қарсы алсақ.

Жаңа өмір,жаңа парақ ашылар,
Нұрланып бір күн шуағы шашылар.
Әлі алда қуаныш та, қайғы да,
Төтер берер қиындыққа мықтылар.

Төзе тұғын күшің бар ғой бойыңда,
Бір құласаң, ештеңе етпес,мойыма.
Осыларды жеңіп шыға алатын,
Кіл алғырдың ақылы бар ойыңда!

Сезімде, бақытыңда алда болар,
Шаман жоқ,бұған сенің бұрылар.
Ойыңа алма махаббатты сен әлі,
Уақытында иманды жан жолығар.

Бал күндерім ұмытылмас мәңгіге,
Еске аламын қуанышпен әлі де.
Күлкімен,мұңмен де бейнелеймін,
Өмірімнің бөлшегі ғой, мәні де.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бал күндерім! өлеңінің авторы кім?

Гүлнұр Нұрланқызы — осы өлеңнің авторы.

Бал күндерім! өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бал күндерім! өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Гүлнұр Нұрланқызы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бал күндерім! өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар