Анама – Данагүл Амангелді

Бұл бетте «Анама» атты Данагүл Амангелді жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Әлемде бір жан бар, ана дейтін,
Сірә,ешкім жамыла алмас ана кейпін.
Бізді сіздей ешкім сүйе алмайды,
Ана ғана,алаңдап баласының қамын жейтін.

Өзің жоқта кейде мұң,кейде қайғы,
Ауырсаңыз менің жаным жайбарақат тұра алмайды.
Бұл әлемде өшпейтұғын махаббат бар,
Ана өзіңдей,мені ешкім сүйе алмайды.

Көрмедім сіздей аяулы,ардақтыны,
Сізден сезінгем, ең алғаш махаббатты.
Сіз жоқта күнім қалай,кім біледі?!
Сізбен ғана менің таным жарық атты.

Орныңызды баса алмайды,ана ешкім,
Сіз жоқта сағынып,қапа кештім.
Өлең арнаудан сізге ана жалықпаймын,
Болсадағы түн ортасы қара кештін.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (1)

Айжамал

Бұл өлең өте керемет өлең!!!

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар