Беймарал туған жердің даласында – Жарылқасын Аманұлы

Бұл бетте «Беймарал туған жердің даласында» атты Жарылқасын Аманұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Беймарал туған жердің даласында,
Бұлдырай ақ сағымның арасында.
Күнара әжеме еріп, жусан теріп,
Қайтушы ем сәске түстің шамасында.
Бозторғай шырқау көкте шырылдаған,
Даламның дарытыпты жырын маған.
Тұратын сөзіме әжем еміреніп,
Секілді мамабие құлындаған.
Келе сап, солқылдатып түйіп келі,
Бұрқырап кебек жусан иістері.
Әжеммен дән кеусесіп жағаласқан,
Жалған-ай, күндер қандай сүйікті еді.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері