Қысқарған күндей қысқарып ғұмыр барады – Жарылқасын Аманұлы

Бұл бетте «Қысқарған күндей қысқарып ғұмыр барады» атты Жарылқасын Аманұлы жазған өмір туралы өлең берілген.

Қысқарған күндей қысқарып ғұмыр барады,
Артыңда қандай айтарлық ісің қалады.
Базарлы шақтар базардай кешкі тарады,
Апанда жатқан арыстандай болдым жаралы.
Кетеді бәрі, кетеді жалған, өтеді,
Сарқылып теңіз, жанар таулар да өшеді.
Өшпейтін мәңгі, кетпейтін мәңгі өзіңмен,
Жасаған елге жақсылығың ғана деседі.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері