Өзім ғана білемін, өз көңілімнің қалауын – Жарылқасын Аманұлы

Бұл бетте «Өзім ғана білемін, өз көңілімнің қалауын» атты Жарылқасын Аманұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Өзім ғана білемін, өз көңілімнің қалауын,
Өзім ғана ұстаймын өз арымның жалауын.
Қанша жанды күйдірдім, қаншаларын сүйдірдім,
Өзім ғана білемін өз жанымның алауын.
Өзім ғана шертетін көкіректе күйім бар,
Еркелетіп ерітетін жұбайым бар, үйім бар.
Тәңірі шашқан нәсібе таусылмаса болғаны,
Бұл өмірден алатын әлі талай сыйым бар.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері