Алла тең, ешкімді артық жаратпаған – Жарылқасын Аманұлы

Бұл бетте «Алла тең, ешкімді артық жаратпаған» атты Жарылқасын Аманұлы жазған діни тақырыптағы өлең берілген.

Алла тең, ешкімді артық жаратпаған,
Туған жоқ елден ерек қанатты адам.
Кеудесін керіп тұрған біреу көрсем,
Жел кеуде сорлы ма деп қарап қалам.
Шалқақтап қарынының тойғанына,
«Көк тіреп тұрған мен деп» ойлады ма.
Санаған елден артық өз бастарын
Осылай абыройын жоймады ма?
Асыл тас тереңдерде жатса батып,
Қоқыстар су бетінде жүрер қалқып.
Ей, адам, ақыл-есің дұрыс болса,
Санама өз басыңды елден артық.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері