Мен азаптың аузындағы шылыммын! – Танакөз Толқынқызы

Бұл бетте «Мен азаптың аузындағы шылыммын!» атты Танакөз Толқынқызы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 06.10.2020
  • 0
  • 0
  • 1252
Мен азаптың аузындағы шылыммын!
Сораптайды құшырланып ол мені.
Мен – шығынмын!
Шырын мұңға сатылғам,
Көк түтін боп тұншықтырам бөлмені.
Үнсіздігің сорып жатыр күл қылып!
Мыжғылайсың жүрегімді тұқылдай.
Ал мен сені көтеремін Күн қылып,
Күлсалғышта өмір сүрем ұтылмай.
Жұпарыммен жүйкеңізді емдеймін!
Жұтылудан қорықпаймын жоқ болып.
Мен өлмеймін!
Бұлқынғанда көнбей мұң
Шылымыңда оянамын шоқ болып...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мен азаптың аузындағы шылыммын! өлеңінің авторы кім?

Танакөз Толқынқызы — осы өлеңнің авторы.

Мен азаптың аузындағы шылыммын! өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мен азаптың аузындағы шылыммын! өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Танакөз Толқынқызы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мен азаптың аузындағы шылыммын! өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері