Анамен сырласу

Бұл бетте «Анамен сырласу» атты Айнұр Төлеу жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 25.09.2021
  • 0
  • 0
  • 1701
Даладай кемелімсің,
Сырласым, сенерімсің!
Мен сенің бас иемін өрең үшін!
Қиналсам түсіме ендің,
Өзіңдей түсінер кім?
Желіде құлының боп кісінедім!
Үкілі бесігімде,
Үйреттің кешірімге,
Мен сенің бас иемін, Есіміңе!
Бақытты кешкен күнім,
Күнім боп төккен нұрын.
Сыйладың өмірдің сен,
Мөп-мөлдірін.
Жаулығың желбірейді,
Жүрегім елжірейді.
Балаңмын есейсем де,
Енді мейлі!
Тап-таза тілегің мен,
Айналдым жүрегіңнен.
Сен барда мен күдіксіз,
Күле білгем.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Анамен сырласу өлеңінің авторы кім?

Айнұр Төлеу — осы өлеңнің авторы.

Анамен сырласу өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Анамен сырласу өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Айнұр Төлеу өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Анамен сырласу өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері