Періштені іздеу

Бұл бетте «Періштені іздеу» атты Айнұр Төлеу жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 25.09.2021
  • 0
  • 0
  • 700
Ұлымның көп бізге қояр сұрағы,
Періштенің ай ма дейді тұрағы...
Ақ көйлекті қалыңдықты көре сап,
Дейді анау періште,
Қашан көктен құлады?
Бала емес пе?
Келіс, мейлі келіспе,
Ақ кигеннің бәрі оған періште!
Сеніміне селкеу салғым келместен,
Жауап бермей тұнжыраймын мен іштен!
Ақтың бәрі аппақ әлем түзбейді,
Ақ баланы алдасақ та біз мейлі!
Ертегідей екен деп ол өмірді,
Ешкім әлі көрмеген
Туысқанын іздейді!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Періштені іздеу өлеңінің авторы кім?

Айнұр Төлеу — осы өлеңнің авторы.

Періштені іздеу өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Періштені іздеу өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Айнұр Төлеу өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Періштені іздеу өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері