Қанаты ауыр қара бұлт тұмшалады – Әділбек Ыбырайымұлы

Бұл бетте «Қанаты ауыр қара бұлт тұмшалады» атты Әділбек Ыбырайымұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 13.02.2021
  • 0
  • 1
  • 948
Қанаты ауыр қара бұлт тұмшалады,
Дыңылдады жүректің мұң-шанағы.
Жасы жуып ақ жүзін ару тұрды,
Жоғалған-ау сірә да гүл шағы, әні.
Сәмбі тал жоқ көз тартар ...
Жұрын ғана,
Сексиеді сүйкімсіз,
Бұрынғы ада.
Түксиеді қара бұлт түршіктіріп,
Таусылыпты жапырақ жырымдала.
Қаңбақ қуып ессіз жел жынданады,
Көрінбейді жайдары күн қабағы.
Бозарыпты күллі әлем сұрқай тартып,
Керек десең ауа да дымданады.
Күн күркіреп, мен болсам – күрсінемін,
Таба алмадым көңілдің бір шын емін.
Қара бұлттың астында қала көрме,
Аққу-қазым, шуақта жүрші менің.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қанаты ауыр қара бұлт тұмшалады өлеңінің авторы кім?

Әділбек Ыбырайымұлы — осы өлеңнің авторы.

Қанаты ауыр қара бұлт тұмшалады өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қанаты ауыр қара бұлт тұмшалады өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әділбек Ыбырайымұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қанаты ауыр қара бұлт тұмшалады өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері