Бара жатсың Алатаудай биіктеп

Бұл бетте «Бара жатсың Алатаудай биіктеп» атты Адырбек Сопыбеков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Жүретін ең жадырап бір елжіреп,
Соның бәрін сезуші еді бұл жүрек.
Орның бос тұр, Әмір досым амал не,
Өзің жоқсың, талай жандар жүр жүдеп.

Арманың көп,таудай еді талабың,
Ұшталып-ақ қалып еді қаламың.
Төгіп-төгіп айтатын да жазатын,
Таланты бір,тарланы едің даланың.

Кірістің кеп,білдің дағы себебін,
Театрды алып шыққан сен едің.
Әрі әнші, әрі ақын, режиссер,
Жүрген жерің думан-күлкі,Сері едің.

Сырласушы ек,қалдырмай түк,мұңдаса,
Заман екен өткен қызық бұл да аса.
Өнерлі жан сегіз қырлы өзіңдей,
Қайдан тумақ, Сыр бойынан тумаса.

Сағынғандай болып жүрміз жыл құсын,
Жазып кеттің ойлы пьеса, жыр мүсін.
Бексұлтанға, Есіркеп пен Манапқа,
Соларды енді айтып беріп жүрмісің..

Сәлем берсең басыңды сәл иіп кеп,
Аңқылдап бір құшақтаушы ең сүйіп кеп.
Соның бәрі сағымдай боп қалғанмен,
Бара жатсың Алатаудай биіктеп.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бара жатсың Алатаудай биіктеп өлеңінің авторы кім?

Адырбек Сопыбеков — осы өлеңнің авторы.

Бара жатсың Алатаудай биіктеп өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бара жатсың Алатаудай биіктеп өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Адырбек Сопыбеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бара жатсың Алатаудай биіктеп өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері